1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде» Сарқан қаласы бойынша есепте тұрған 22 мүмкіндігі шектеулі балаларға 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне ТОО «Ақбұлақ продукт» басшысы С.Т. Кулбеков азық-түлік пакетімен сыйлықтарын беріп, қайырымдылық көмек көрсетті.

Қасиетті Ораза айында Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп,ізгі сауап іс жасаған ТОО«Ақбұлақ продукт» басшысы.С.Т. Кулбеков» мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз. Отбасыңызға шаттық-береке, мол табыс, Алла Тағаланың шексіз мейіріміне бөленіңіз. Барлық балаларды қараусыз қалдырмай, көңіл бөліп, қол ұшымызды беріп отырсақ, еліміздің болашағы жарқын болатынына кәміл сенеміз!

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға
үйде әлеуметтік көмек көрсету
бөлімшесінің консультанты

Б. Турганбай

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер