2019 жылдың мамыр айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2019 жылдың мамыр айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 45 өтініш түскен, оның 42 жеке тұлғалардан, 3 заңды тұлғалардан.

 

Жеке тұлғалардан түскен 41 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 17. Оның ішінде жер мәселесі туралы – 10, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі – 3, тұрғын үйді иесіз мүлік есебінен алу – 1, жылжымайтын мүлікті заңдастыру – 1, әр түрлі мәселе – 2. 14 өтінішке түсініктеме беріліп, 3 өтініш қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1, әр түрлі мәселемен – 1, ауыл шаруашылығы саласына қатысты – 1 өтініш түсіп, оның 1 қанағаттандырылып, 2 түсіндірілді. Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне қатысты 2 сұраныс тіркеліп, қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 24 жазбаша өтініш қабылданды және 143 анықтама берілген. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселесі – 21, әр түрлі мәселе – 2, жер туралы – 1. 4 өтінішке түсініктеме беріліп, 20 өтініш қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

 

Ағымдағы жылдың мамыр айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

 

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 22 азамат  болды. Оның ішінде әлеуметтік мәселе – 4 жер – 3, тұрғын үй туралы – 8, жеке мәселеге қатысты – 7. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

 

Қала, ауылдық округтері әкімдерінің жеке қабылдауында көп балалы отбасына төленетін жәрдемақы мәселесімен 1 азамат болып,  көтерілген мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер