2019 жылдың наурыз айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2019 жылдың наурыз айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 56 өтініш түскен, оның 54 жеке тұлғалардан, 2 заңды тұлғалардан.

Жеке тұлғалардан түскен 56 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 26. Оның ішінде жер мәселесі туралы – 9, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі – 4, тұрғын үй мәселесімен – 3, әлеуметтік – 1, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу – 4, тұрғын үй кезегінен алу – 1, әр түрлі мәселемен 4 өтініш. 24 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1, әр түрлі мәселемен – 1 өтініш түсіп, түсініктеме берілді. Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне қатысты 4 сұраныс тіркеліп, қанағаттандырылды.

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 28 жазбаша өтініш қабылданды және 90 анықтама берілген. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселесі – 11, әр түрлі мәселе – 7, жер туралы – 2, көп балалы аналарды марапаттауға ұсыныс – 8. 4 өтінішке түсініктеме беріліп, 24 өтініш қанағаттандырылды.

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

Ағымдағы жылдың наурыз айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 42 азамат  болды. Оның ішінде әлеуметтік мәселе – 2, жер – 8, тұрғын үй туралы – 27, әр түрлі мәселеге қатысты – 5. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

Қала, ауылдық округтері әкімдерінің жеке қабылдауында 14 азамат болды.  Оның ішінде жер мәселесімен – 4, әлеуметтік мәселе – 4, жұмысқа орналасу – 2, тұрғын үй алу – 1, несие алу – 3. 1 өтініш қанағаттандырылып, 13 өтініш түсіндірілді.

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер