2019 жылдың сәуір айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2019 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 68 өтініш түскен, оның 64 жеке тұлғалардан, 4 заңды тұлғалардан.

 

Жеке тұлғалардан түскен 64 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 30. Оның ішінде жер мәселесі туралы – 16, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі – 3, тұрғын үй мәселесімен – 1, ауыл шаруашылығы – 2, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу – 3, тұрғын үй кезегінен алу – 2, мүлікті заңдастыру мәселемен 2 өтініш, білім беру – 1. 24 өтінішке түсініктеме беріліп, 6 өтініш қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 2, әр түрлі мәселемен – 2, өтініштерге түсініктеме берілді. Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне қатысты 2 сұраныс тіркеліп, қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 34 жазбаша өтініш қабылданды және 209 анықтама берілген. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселесі – 17, әр түрлі мәселе – 8, жер туралы – 2, көп балалы аналарды марапаттауға ұсыныс – 7. 11 өтінішке түсініктеме беріліп, 23 өтініш қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

 

Ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

 

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 24 азамат  болды. Оның ішінде әлеуметтік мәселе – 1, жер – 3, тұрғын үй туралы – 12, әр түрлі мәселеге қатысты – 1, жұмысқа орналасу – 1, жеке мәселе – 6. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

 

Қала, ауылдық округтері әкімдерінің жеке қабылдауында 24 азамат болды.  Оның ішінде әлеуметтік мәселе – 4, қоғамдық жұмысқа орналасу – 1, су құбырына қатысты – 1, жер туралы – 18. 2 өтініш қанағаттандырылып, 22 өтініш түсіндірілді.

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер