2019 жылдың қыркүйек айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2019 жылдың қыркүйек айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 62 өтініш түскен, оның 56 жеке тұлғалардан, 6 өтініш заңды тұлғадан түсті.

 

Жеке тұлғалардан түскен 55 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 16. Оның ішінде жер мәселесі туралы – 6, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі – 2, тұрғын үй мәселесі – 2, әлеуметтік мәселе – 1, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу – 1, жол – 1, әр түрлі – 3. 11 өтінішке түсініктеме беріліп, 5 өтініш қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 4 өтініш түсті. Барлығы түсіндірілді.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 40 жазбаша өтініш қабылданды және 452 анықтама берілген. Мүлік туралы – 24, әр түрлі мәселе – 11, жер туралы – 2, авариялық тұрғын үйді есептен шығару – 3. 5 өтінішке түсініктеме беріліп, 35 өтініш қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

 

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 6 азамат  болды. Оның ішінде әлеуметтік мәселе –1, тұрғын үй туралы – 4, жер мәселесі – 1. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

 

Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 19 азамат болды. Оның ішінде жер мәселесімен 10 азамат болды, ауыз су мәселесі – 2, мүлік – 3, әлеуметтік мәселе – 3, тұрғын үй – 1.  4 өтініш қанағаттандырылып, 15 өтінішке түсініктеме берілді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер