2020 жылдың сәуір айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2020 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 41 өтініш түскен, 31 жеке тұлғалардан, 10 өтініш заңды тұлғадан түсті.

 

Жеке тұлғалардан түскен 31 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 26. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 1, жер туралы – 19, әлеуметтік мәселе – 2, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 3, кәсіпкерлік – 1,  25 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.

 

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 9 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде жер мәселесімен-5,  ауыл шаруашылығы – 1, әр түрлі мәселемен – 3.  8 өтініш түсіндіріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.

 

Ауылдық, қалалық округ(тері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 5 жазбаша өтініш қабылданды және 31 анықтама берілген. Мүлік туралы – 5. 4 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш түсіндірілді.

 

Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан  жер мәселесімен 1 өтініш түсіп, түсіктеме берілді.

 

Ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

 

Аудан әкімінің жеке қабылдауына азаматтар жүгінген жоқ.

 

Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына азаматтар жүгінген жоқ.

 

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер