«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқанирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ж А Р Ғ Ы С Ы

Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы «20» сәуір № 48 қаулысымен бекітілген 11қосымша

«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқанирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

Ж А Р Ғ Ы С Ы

1.  Жалпы ережелер.
  1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланудыреттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқанирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (одан әрі  – Кәсіпорын), өз қызметін  шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асырады, облыс әкімдігінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 38 қаулысымен  «Алматыирригация» облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды қайта құру нәтижесінде құрылды және бөлу балансына сәйкес оның құқықтық мирасқоры болып табылады.
  2. Мемлекеттік басқару органы болып – «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. (одан әрі – мемлекеттік басқару органы).
Кәсіпорынның құрылтайшысы және уәкілетті органы Алматы   облысының әкімдігі болып табылады.
  • Кәсіпорын  өзінің қызметінде  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, басқа да заң жиынтығы актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады.
  • Кәсіпорын заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банкте есеп шоты, Қазақстан Республикасының елтаңбасы және өзінің аты белгіленген мөрі бар.
  • Кәсіпорынның аталуы:
    • Мемлекетттік тілде: «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқанирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
    • Орыс тілінде: – Государственное коммунальное предприятие водного хозяйства «Сарканирригация» государственного учреждения «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области».
6. Заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,    пошталық индекс: 041500 Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Абай көшесі, 99 үй.
  • Кәсіпорын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
2. Кәсіпорынның жұмысы және қызметінің мақсаты. Кәсіпорын жергілікті инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету саласында өндірістік  – шаруашылық жұмыстарын іске асыру мақсатында құрылған, өзінің табиғи монополиялық  жағдайына және әлеуметтік – экономикалық маңызды тікелей мемлекеттік басқаруды қажет етеді. Негізгі қызметі ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге және басқада тұтынушыларға суармалы су жеткізу болып табылады. 3. Кәсіпорынның құқықтары мен міндеттері. 1. Кәсіпорынның құқықтары: 1)шаруашылық жүргізу құқығы кәсіпорнының меншік иегері  Алматы облысының әкімдігінен алған мүлігімен меншік иесі ретінде берілген құқығы; 2) су шаруашылығын дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 3) су шаруашылығының  әдістемелік, ғылыми және жобалау жұмыстарын қамтамасыз етуін ұйымдастырады; 4) су шаруашылығын дамытуда инвестицияны тартуға және тиімді пайдалануға ықпал жасайды; 5) су объектілерінде туризмді дамытуға жәрдемдеседі; 6) су мен су шаруашылығы объектілерін шектес мемлекеттермен бірлесіп пайдалануды ұйымдастырады; 7) мемлекетаралық  су бассейндерімен су өтетін жолдардың (тракт) су ресурстарын бөлісуде және су қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияларға қатысады; 8) су үнемдеу технологиясын енгізуді есепке ала отырып, су пайдалану лимитін анықтауға, су пайдалануды жоспарлауды және оның есебін жүргізуді әзірлеуге қатысады; 9) Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің облыстық басқармасында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға су беру қызметінің тарифін қорғайды; 10) жөндеу-өңдеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуде тапсырыс беруші және орындаушы кәсіпорындармен құрылыс жұмыстарының сапасын және олардың су шаруашылығы объектілеріндегі жобаға сәйкестігін анықтауға қатысады;   11)су объектілері мен су шаруашылығы жүйелерінде метрологиялық  қамсыздандыруды ұйымдастырады; 12) берілген қаражат және өз қаражатының шегінде өндіріске керекті объектілерді салуға, шаруашылық аралық жүйелерді және күрделі құрылыстардың жөндеу-пайдалану жұмыстарының жобаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 13) белгіленген тәртіпке сәйкес бухгалтерлік және жедел  есеппен есеп беруді жүргізуді, статистикалық есептердің, баланстардың уақытымен берілуін және дұрыстығын қамтамасыз етеді; 14) су шаруашылығы объектілеріндегі, су қоймаларындағы және басқа да шаруашылық арасындағы объектілер мен құрылымдарындағы табиғи апаттарды және авариялық жағдайларды болдырмау шараларын, болған жағдайда зардаптарын жою жөнінде шаралар әзірлеуді ұйымдастырады; 15) Қазақстан Республикасының жер туралы заңдар актісіне сәйкес су шаруашылығы объектілерінің су қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлерді пайдаланады; 16) өндіріс мәдениетін көтеру, техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарлық-тұрмыстық ережелерін сақтау, су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің тұрған үй және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізеді; 17) ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға және басқа да мақсаттарға су беруде көрсетілген қызметтері үшін су пайдаланушылардан төлем ақы алады; 18) кәсіпорын мемлекеттік органдардың, оның ішінде уәкілеттік органның, Кәсіпорынның пайдасын алып қоюға, мемлекет тапсырыстарын орналастыруға, Кәсіпорын өндіретін тауарларға (жұмыстар, қызметтер) баға белгілеуге және Кәсіпорынның құқығын бұзатын басқа да іс-әрекеттерге байланысты заңсыз істеріне, белгіленген тәртіп бойынша, сотқа шағым беруге құқылы; 19) өз бетімен мемлекеттік басқару органының келісімімен Кәсіпорынның құрылымын анықтауға, әр түрлі бөлімшелер (учаскелер, бөлімдер, механизацияланған отрядтар және т.б) құруға, белгіленген еңбек ақы қоры мөлшерінде штаттар бекітуге құқылы; 20) мемлекеттік басқару органы белгілеген басқа да міндеттерді орындайды; 21)бірлескен құрылыстық гидроузел және басқа да су шаруашылығы объектілерін салуда техника-экономикалық негіздерін құруға, СЖҚ әзірлеуге қатысады; 22) келісім-шарттағы су пайдаланушыларға СЖҚ әзірлеуге, су шаруашылығы объектілерін және гидропостарды салуға қызмет көрсетеді; 23) келісім-шарт бойынша басқа кәсіпорындарға жерқазу-құрылыс техникасымен жасалатын жұмыстарына жан-жақты қызмет көрсетеді; 24) жеке сметалық жоба құжатын дайындауға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, су шаруашылығы нысандарын қайта құру жұмыстарын тек қана өз қаржысымен ғана емес, үкімет тарапынан берілетін мемлекеттік бюджет есебінен де жүргізеді. 2. Кәсіпорынның міндеттері: 1)  белгіленген тәртіпке сәйкес бухгалтерлік және жедел  есеппен есеп беруді жүргізу, статистикалық есептердің, баланстардың уақытымен берілуін олардың дұрыстығын қамтамасыз ету; 2) кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін талдау және бақылау; 3) өндіріске керекті объектілерді салуға, шаруашылық аралық жүйелермен құрылымдарды жөндеу мен пайдалануға бөлінген ақшаның мөлшеріне сәйкес өзінің күрделі құрылысын және жөндеу-пайдалану жұмыстарын жобалауды жүзеге асыру; 4) кәсіпорын өзінің көрсететін қызметімен табыс кіргізуді қамтамасыз етуге міндетті; 5) өз өкілеттігінде қалған пайда табысының кем дегенде 5 пайызын жұмсау арқылы, жарғылық капиталдың 10 пайызы көлемінде, белгіленген мөлшерге жеткенге дейін, резервті капитал құрастыру; 7) мемлекеттік басқару органдарының белгілеген нормаларына сәйкес, бюджетке таза табыстың бір бөлігін аудару; 8) төмендегі жағдайларда уәкілеттік органның жазбаша келісімін алуға міндетті – өзінің иелігіндегі ғимараттарды, құрылымды және басқа да мекеме жабдықтарын ұзақ мерзімге (3 жылдан жоғары) жалға бергенде, немесе оларды уақытша өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдағанда; –  жеке кәсіпкерлермен және бірлескен өндірістермен бірігіп мекемелер құрғанда, оларға өздерінің  өндірістік және ақшалай капиталдарын қосқанда. 4. Кәсіпорынның мүлкі.
  1. Кәсіпорынның мүлкін негізгі және айналым қорлары, сондай-ақ кәсіпорынның жеке балансындағы бағасы көрсетілген құнды заттар құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша соның ішінде кәсіпорынның қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Мемлекеттік Кәсіпорынның мүлкі төмендегілерден құралады:
1)оған меншік иесі берген мүліктен; 2) өзінің шаруашылық және басқа қызметінің нәтижесінде сатып алған мүліктен; 3) заңдармен тиым салмаған өзге де табыс көздерінен. 5. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы және уәкілетті органы
  1. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының мыналарға:
1) мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын айқындауға; мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін, оларды берудің мерзімділігі мен тәртібін қарауға және бекітуге; 2) уәкілетті органға тиісті есепті ол белгілеген мерзімде табыс ете отырып, мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға  және талдауға;
  • мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктері болады.
2. Кәсіпорынның уәкілетті органы Алматы облысының әкімдігі немесе онымен белгіленген мемлекеттік орган болып табылады. Кәсіпорын уәкілетті органның келісімінсіз өзінің иелігіндегі ғимараттарды, құрылымды және басқа да мекеме жабдықтарын ұзақ мерзімге (3 жылдан жоғары) жалға беруге, немесе оларды уақытша өтеусіз пайдалануға беруге, жеке кәсіпкерлермен және бірлескен өндірістермен бірігіп мекемелер құруға, оларға өздерінің өндірістік және ақшалай капиталдарын қосуға, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқығы жоқ. 6. Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру
  1. Кәсіпорын басшысы лауазымына мемлекеттік басқару органы тағайындайды және босатады. Оны аттестациялау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өткізіледі.
  2. Кәсіпорынның басшысы дара басқару принципімен жұмыс істейді және кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін оның құзіретіне сәйкестігін шешеді, оған меншік иегері және уәкілетті орган алдында дербес жауапкершілігі жүктеледі.
  3. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін қорғайды. Уәкілетті органның келісуімен Кәсіпорынның мүлкін басқарады, келісім-шарттарға отырады, сенімхаттар береді, банкте есепшоттар ашады және өзге де мәмлелер жүргізеді, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті нұсқаулар береді. Кәсіпорынның басшысы өз құзіретінің шегінде, еңбек заңдарына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, оларға марапаттау және жазалау шараларын қолданады.
  4. Басшының орынбасары, бас инженер, бас бухгалтер лауазымдарына мемлекеттік басқару органының келісімімен кәсіпорын директоры тағайындайды.
  5. Жұмыс тәртібі кәсіпорынмен жеке белгіленеді.
  6. Кәсіпорын басшысымен қызметкерлерінің құқықтық қарым-қатынастары өз ішіндегі құжаттармен және еңбек шартымен белгіленеді.
  • Кәсіпорынның жарғылық және резервтік қорлары
  1. Кәсіпорынның жарғылық қоры құрылтайшыларымен 11680000 (он бір миллион алты жүз сексен мың ) теңге көлеміндегі мүлікпен құралған.
  2. Резервтік қор қолданыстағы заңға сәйкес белгіленеді.
  • Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру.
  1. Кәсіпорын өзін заң тиым салмаған және осы Жарғыда көрсетілген өз қызметінен түсірген табыс есебінен ұстайды.
  2. Кәсіпорынға заңдарда белгіленген тәртіп бойынша бюджеттен қаржы алуға рұқсат етіледі.
  • Кәсіпорынның өндіретін тауарларының бағасы
1. Кәсіпорынның өндіретін тауарларының (жұмыс, қызмет көрсету) бағасы кәсіпорынның оларды өндіруге шығарған шығынын толық өтеуді, оның қызметінің пайдаланылған  және өз табыстарының есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. 2. Кәсіпорынның мемлекет тапсырысын орындау есебінен өндіретін және сататын тауарларының (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органымен келісе отырып тағайындайды. 3. Кәсіпорынның мемлекет тапсырысынан артық өндірілген және сататын тауарларының (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын Кәсіпорын өз бетімен тағайындайды. 4. Кәсіпорын өз бетімен мемлекеттік тапсырыс мөлшерінде сататын тауарларының (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын шектен тыс көтермеу мақсатында монополияға қарсы заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік реттеу жүргізеді.
  1. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу.
  1. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және ақшалай сыйлық беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
  2. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органымен белгіленеді.
  1. Еңбекақы төлеудің нысанын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақы мөлшерін, ақшалай сыйлық және өзге де марапаттау жүйесін белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде мемлекеттік басқару органның келісуімен Кәсіпорын өз бетімен белгілейді.
  2. Кәсіпорын басшысының, басшысының орынбасарының, бас инженердің, бас бухгалтердің лауазымдық айлық ақысының мөлшерін, ақшалай сыйлық және өзге марапаттау жүйесін мемлекеттік басқару органы белгілейді.
  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі.
  1. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүліктің бәрімен жауап береді.
  2. Кәсіпорын меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  • Мемлекеттік басқару органымен уәкілетті органның іс-әрекетінен банкротқа ұшыраған жағдайлардан басқа кезде  Кәсіпорынның міндеттері бойынша мемлекет жауап бермейді. Бұд жағдайда кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға кәсіпорынның қаржысы жетпесе, оның міндеттеріне мемлекет жауап береді.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату мүлік иесінің шешімімен жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер