Сарқан ауданы әкімдігінің
ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!

Саялы Сарқан өңірі топырағы құнарлы, тұрғындары шырайлы Алатаудың қойнауында орналасқан аудан. Аудан өзіндік жарқын тарихымен бай өлке.
Бiздiң сайтта бiз өңiр өмiрiнiң әр алуандылығын көрсетуге тырысамыз: iшкi саясаттық үдерiстер, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi, оның әлеуметтiк-экономикалық дамуы. Басқаша айтқанда, ауданда болып жатқан оң өзгерiстер туралы ақпарат оның электронды беттерiнде орналастырылып отырады.
Ауданда аграрлық сектордың дамуына, елiмiздiң азық — түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ет экспортының әлеуетiн дамытуына көп көңiл бөлiнуде.
Өңiрде Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев белгiленген “Қазақстан – 2050” Стратегиясының ажырамас бөлiгi болып табылатын әлеуметтiк бағдарламалар ойдағыдай iске асырылуда.
Осы сайт арқылы біз аудан өмірін жан-жақты көрсетуге тырысамыз. Бізбен бірге болыңыздар.

Қошанбеков Ерғазы Қошанбекұлы

Сарқан ауданының әкімі

Қошанбеков Ерғазы Қошанбекұлы

Сарқан ауданының әкімі
Салық төлеушілер назарына!

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кызметтерді “Электронды үкімет” www. egov. kz  веб-порталы арқылы  алуға болатындығын хабарлайды

Республиканық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тас жол учаскесін қайта жаңарту

«CITIC Construction Co. компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі», 17-ші мамырдан бастап 14-ші маусымға дейін «Алматы облысы, Сарқанд және Алакөл ауданындағы №2 (437 км), 4 (446 + 491 м), 5 (км 452), 7 (474 ​​+ 470 м), 8 (км 485), 9 (км 590), 15 (км 538), 16 (км 549), 17 (км 490), 10 (495 км) Республиканық маңызы бар Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тас жол учаскесін қайта жаңарту үшін 19 (586 км), 20 (594 км), 21 (604 км), 22 (612 км) 287-1073, I кезең (410-615 км)» жобасы бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар жүргізілетін туралы  хабарлайды.  

Жергілікті атқарушы орган: Алматы облысының Алакөл ауданы әкімдігі, Алматы облысының «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» ММ. 

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзетiн орган- «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. 

Тапсырыс беруші – CITIC Construction Co. компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі. 

Құжаттама әзірлеуші – «Эко – Кокше» фирмасы, «Окапов Р.А.» ЖК, Көкшетау қаласы, Темирбеков көшесі, 49. тел.: 8(7162) 40-21-44. 

Материалдардың электронды нұсқасы мен сауалнаманы eko-kokshe@yandex.ru. алуға болады. 

Ескертулер мен ұсыныстар Көкшетау қаласы, Темирбеков көшесі, 49 мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама тел: 8(7162) 40-21-44, e-mail: eko-kokshe@yandex.ru.

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысу

Қазақстан Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және өмір  сүру  сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  орындау  аясында  ағымдағы  жылдың  мамыр-шілде  аралығында 2018 жылы  «Қазақстанның үздік  әлеуметтік  жобалар» байқауына қатысу  үшін  үздік  әлеуметтік жобалардың іріктеуі  өткізіледі. 

Алғашқы үздік  әлеуметтік  жобалардың  іріктеу туры аудан көлемінде  аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімдері  арқылы  жүзеге асырылады.  

Аудандық кезеңнің жеңімпаздарын  іріктеу  тиісті комиссиямен 1-15 шілде аралығында өткізіледі. 

Облыстық кезеңнің  жеңімпаздарын іріктеу  тиісті  комиссиямен  ағымдағы  жылғы 1-30 шілде аралығында өткізіледі. 

Үздік әлеуметтік  жобаларды  іріктеу  келесі  бағыттар бойынша іске асырылады: 

  1. «Әлеуметтік  проблемаларды  шешудегі  ақпараттық  жылжу»; 
  1. «Әлеуметтік салада  еріктілер   қозғалысын  дамыту»; 
  1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету»; 
  1.  «Мүгедектігі  бар тұлғаларды  қоса алғанда, азаматтарды  жұмыспен қамтуға ықпал жасау»; 
  1. Қиын  өмірлік  жағдайдан (адам  саудасы  құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспанасыздық және  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылуы  және т. б.) шығуға  көмек  көрсету». 

Барлық қатысты  сұрақтар  бойынша аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар    бөлімінен  білуге  болады. 

Хабарландыру

Сарқан аудандық білім бөлімі «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 01.08-31.08 аралығында Ақын Сара атындағы орта мектеп базасында халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарын жүргізетінін хабарлайды. Халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарына 16 жастан жоғары контингенттері қатыса алады. 

Анықтама телефондары: Сарқан аудандық білім бөлімі, Бейтек Жасұлан Абдықадырұлы,

8 (72839) 21251,  87770224247 

Хабарлама

Салық төлеушілер назарына!

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кызметтерді “Электронды үкімет” www. egov. kz  веб-порталы арқылы  алуға болатындығын […]

Толығырақ
Республиканық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тас жол учаскесін қайта жаңарту

«CITIC Construction Co. компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі», 17-ші мамырдан бастап 14-ші маусымға дейін «Алматы облысы, Сарқанд […]

Толығырақ
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысу

Қазақстан Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және өмір  сүру  сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға  арналған  […]

Толығырақ
Хабарландыру

Сарқан аудандық білім бөлімі «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 01.08-31.08 аралығында Ақын Сара […]

Толығырақ

Сарқан ауданы әкімі аппаратының сенім телефондары

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және мемлекеттік мекемелердің лауазымдық тұлғаларының әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөнінде аудан әкімдігіне

8 (728 39) 2-12-33

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қандай да бір құқықбұзушылық фактілері орын алған жағдайда немесе әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз Сарқан ауданы әкімі аппаратының «Сенім телефонына» хабарласуларыңыз

8 (72 839) 2-29-69

Салық төлеушілерге

Бейне роликтер