Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы

ЖОБА

 

 

                  

Сарқан ауданының азаматтық  қызметші болып табылатын және

ауылдық елді мекендерде жұмыс  істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік

қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,  спорт және ветеринария, орман

шаруашылығы және ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар саласының

мамандарына жиырма бес пайызға  жоғарылатылған айлықақылар мен

тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы, сонымен қатар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын

мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
  2. «Сарқан ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәденет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі № 7-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-17-120 тіркелген, 2012 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған);
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                Т. Догоманов

 

 

              

 

Сарқан аудандық

мәслихатының хатшысы                                            К. Абдрахманов

 

                                                      

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер