Алматы облысы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің ауылдарының атауларын қайта атау туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясы қарауына енгізу туралы

 ЖОБА

 

 

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысына сәйкес, Черкасск ауылдық округі халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша, Сарқан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1.Черкасск ауылдық округіне қарасты Садовое ауылын Ешкіөлмес, Соколовка ауылын Теректі, Петропавловка ауылын Ақтұма ауылы деп атауларын өзгерту туралы  ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

2.Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау   Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.

 

 

 

Сарқан ауданы мәслихаты                          Сарқан ауданының әкімі

сессиясының төрағасы       

______________Т.Доғоманов                     _____________ Е.Қошанбеков

 

 

Сарқан ауданы мәслихатының хатшысы

_____________________Қ.Абдрахманов

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер