Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өту Нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеуден өту тәртібін айқындайды және Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу ұйымдастыру Ережесіне сәйкес әзірленген.

Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлауы тиіс.

Экранның жоғарғы жақ бөлігіндегі индикатор тестке бөлінген уақытты көрсетіп тұрады.

Тапсырманы барынша жедел орындауға тырысу керек. Егер белгілі бір тапсырмаларды орындауда Сізге қиындық туындай қалса, онда ұзақ ойланбай, келесі тапсырманы орындауға көшіңіз, бұдан кейін Сіз оған қайта орала аласыз.

Тестілеуден өтер алдында тестілеу бағдарламасы жұмысымен танысуыңыз қажет!

  1. Тестілеу басталардың алдында тестілеудің тілі таңдалады.

Ескерту: Тестілеу тілі тест басталардың алдында таңдалады және тестілеу кезінде өзгертілмейді.

Тестілеудің тілі таңдалғаннан кейін, суретке түсіру ережесінің сипаттамасы ашылады. Ережеге сәйкес, суретке түсіру қажет.

Кейін, келесі деректер ашылады: аты-жөні, ЖСН-і, тестілеу бағдарламасы, тестілеу санаты және тестер тізімі. Деректер тексерілгеннен кейін, «Тестілеу» батырмасын басу арқылы тестілеу бағдарламасы ашылады.

2. Тестілеу уақытындағы іс-қимылды басқару тышқанның сол жақ пернесімен және монитордағы курсор арқылы жүзеге асырылады.

3. Әр сұраққа бірнеше жауап нұсқалары беріледі. Тышқанның көмегімен Сіз өзіңіз дұрыс деп тапқан жауапты таңдауыңыз және оны белгілеуіңіз қажет.

4. Келесі сұраққа өту үшін экранның төменгі жағындағы көрсетілген батырмасын басу қажет.

5. Алдыңғы сұраққа қайта оралу үшін экранның төменгі жағындағы көрсетілген батырмасын басу қажет.

6. Сұрақтар арасында өту үшін сұрақ нөміріне басуға болады.

Белгіленген сұрақтар жасыл түспен көрсетіледі.

7. Келесі тестке өтер алдында сұраныс терезесі ашылады:

Белгіленбеген сұрақтар бар болған жағдайда, белгіленбеген сұрақтардың нөмерлері көрсетілген сұраныс терезесі ашылады:

8. Заңнаманы білуге арналған тесттер арасында өту үшін заңның атына басуға болады, мысалы:

Тестте белгіленбеген сұрақ бар болған жағдайда, жауап берілмеген сұрақтар саны көрсетіліп тұрады.

Назарға! Тестілеуді аяқтамастан бұрын жауап берілмеген сұрақтардың жоқтығын тексеріңіз.

9. Соңғы сұраққа жауап бергеннен кейін бағдарлама тестілеуді аяқтауды ұсынады.

«Ия» батырмасын бассаңыз, бағдарлама екінші рет тестілеуді аяқтауды растауыңызды ұсынады.

Тестілеуді жалғастырғыңыз келсе «Жоқ» батырмасын басыңыз.

10. Тестілеуді аяқтағаннан кейін бағдарлама тестілеу нәтижелерін шығарады. Тестілеу сәттіаяқталған жағдайда, «Басып шығару» батырмасын басыңыз, бағдарлама Сіздің нәтижелеріңізді шығарады. Сонан соң тестілеу залының Әкімшісіне қол қойдырту үшін жүгініңіз.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер