«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысу

Қазақстан Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және өмір  сүру  сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  орындау  аясында  ағымдағы  жылдың  мамыр-шілде  аралығында 2018 жылы  «Қазақстанның үздік  әлеуметтік  жобалар» байқауына қатысу  үшін  үздік  әлеуметтік жобалардың іріктеуі  өткізіледі. 

Алғашқы үздік  әлеуметтік  жобалардың  іріктеу туры аудан көлемінде  аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімдері  арқылы  жүзеге асырылады.  

Аудандық кезеңнің жеңімпаздарын  іріктеу  тиісті комиссиямен 1-15 шілде аралығында өткізіледі. 

Облыстық кезеңнің  жеңімпаздарын іріктеу  тиісті  комиссиямен  ағымдағы  жылғы 1-30 шілде аралығында өткізіледі. 

Үздік әлеуметтік  жобаларды  іріктеу  келесі  бағыттар бойынша іске асырылады: 

  1. «Әлеуметтік  проблемаларды  шешудегі  ақпараттық  жылжу»; 
  1. «Әлеуметтік салада  еріктілер   қозғалысын  дамыту»; 
  1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету»; 
  1.  «Мүгедектігі  бар тұлғаларды  қоса алғанда, азаматтарды  жұмыспен қамтуға ықпал жасау»; 
  1. Қиын  өмірлік  жағдайдан (адам  саудасы  құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспанасыздық және  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылуы  және т. б.) шығуға  көмек  көрсету». 

Барлық қатысты  сұрақтар  бойынша аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар    бөлімінен  білуге  болады. 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер