Бағдарламаның 3 бағыты бойынша іске асырылу барысы жөнінде ақпарат

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітіліп, 2017 жылы қолданысқа енгізілді.2017 жылға 507 млн 507 мың теңге бөлінді (66 млн.531 мың теңге қоғамдық жұмыс, 59 млн.486 мың теңгесі қысқа мерзімді кәсіптік оқу, 20 млн.482 мың теңге жастар практикасы, 8 млн.8 мың теңгесі әлеуметтік жұмыс орны, 160 млн.теңге несие).

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бағыттарын орындау барысында 2017 жылға бекітілген кешенді жоспар сәйкес жұмыспен қамту мәселесімен 1652 адамды қамту жоспарланса, 752 адам қамтылды немесе жоспар 45,5 пайызға орындалды.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 300 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқытуға 59 млн.486 мың теңге бөлінді, 120 адамға (аспазшы 20, шаштараз 20, тігінші 10, тракторист-машинист 30, газэлектрмендәнекерлеуші 30, электронды машинканың операторы 10) жолдамалар берілді, бөлінген қаржының 17 млн.988 мың теңгесі игерілді, қалған 180 адам шілде айынан жолдамалар берілед.

Қыркүйек айынан 60 адамға техникалық және кәсіптік білімге оқытуға жолдамалар беріледі.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 24 адамға 160,0 млн.теңге несие беріледі деп жоспарланды. Аталған соманың 60%-ы Алматы облысы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы және 40%-ы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы төменгі пайыз мөлшерімен несие ретінде беріледі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына сомасы 65 млн.450 теңгеге 25 адамның құжаттары жолданып, оның

22 млн.750мың теңгеге 11 адамның құжаттары шешім шығаруға қарастырылып жатыр, 42 млн.700 мың теңге көлемінде 14 азаматтардың құжаттары аталған қордың заң бөлімінде құжаттары тексеріліп жатыр.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 95 млн. 21 мыңтеңге бөлінді. Бос жұмыс орындарына 656 адамды орналастыру жоспарланса, 249 адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 40 адамға 8 млн.8 мың теңге жоспарланса, 43 адамға жолдама беріліп, 3 млн.640 мың теңгсі игерілді.Жастар практикасына 60 адамға жолдама 20 млн.482 мың теңге бөлініп, 37 адамға жолдама беріліп, 5 млн.897 мың теңгесі игерілді. Қоғамдық жұмысқа 550 адамға 66 млн.531 мың теңге бөлініп, 303 адамға жолдамалар беріліп 25 млн.498 мың теңгесі игерілді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер