Банк Туралы

Алматы облыстық «Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалы

Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалының тарихы 2004 жылдың желтоқсанның 15 күні есеп айырысу кассалық № 1 бөлімінің ашылуымен басталды. ҚР тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында және ҚР Үкіметімен Банк алдында қойылған мақсатына жету үшін  Алматы облысының  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалы 2006 жылдың мамырдың 26 күні ресми мәртебесін алды, осының нәтижесінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесі Талдықорған қаласында облыстық филиал ашуды жөн көрді.

Бүгінгі таңда Алматы облыстық  филиалының ұжымы осы айтылған жетістіктерге жету үшін директоры  Шалгимбаев Галымжан Даулетжанович  басқарушысының қол астында жұмыс жасап жүр.

Банк саласында Шалгимбаев Галымжан Даулетжановичтың еңбек қызметі 2005 жылдан басталады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ келер алдында «Банк ЦентрКредит» АҚ Басты кеңесінде бөлшек  сауда бизнесі департаменті   директорының орынбасары  – бөлшек сауда бизнесі бөлімінің  басқарушысы лауазымына ие болған. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  жұмысын Астана қаласындағы Орталық филиалы директорынан бастаған.

2014 жылдың 01- ші тамызы күні «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  Алматы облысы филиалындағы директоры болып тағайындалған.

Соңғы айлар ішінде филиал жоғары өсу динамикасын көрсетті – қазіргі таңда 18 мыңнан артық тұрғын үй құрылысы жинақтау шарттары жасалған, жалпы соммасы 1,5 млрд теңгеден артық несие берілген, филиал тапсырыскерлерінің 1600 – нен артығы өз үй – пәтер жағдайларын жақсартып алған.

Қазір тұрғын үй қүрылыс жинақтау жүйесі Қазақстан азаматтарының үй – пәтер жағдайларын жақсартудың нақты құралы болып табылатындығын  сенімділікпен айтуға болады, осы жүйе лайықты бедел мен сенімге ие бола алады. Қысқа мерзімде тұрғын үй жағдайларын  жақсарту мақсатында  үнемі тапсырыскерлер тасқынының болуы осының дәлелі болып табылады.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер