Әдеп жөніндегі уәкіл

МЫРЗАБАЕВА  ГҮЛЖАН  ЖАНАТАЙҚЫЗЫ

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау тәртібі

Қабылдайтын күні мен уақыты

Әр айдың бірінші сәрсенбісі

         сағ. 15:00-ден 18:00-ге дейін

.

 

Ескерту: азаматтарды қабылдау  №29  кабинетте жүргізіледі.

Жұмыс телефоны: 8 72 839  2-10-61

 

 

 

 

Әдептілік стандарты жоғары қоғам жолында: сіз адамдармен және адамдар үшін жұмыс жасайсыз

Бейнеролик авторлары осындай үндеумен мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға жүгінді.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде хабарлағандай ролик қоғамда әдептілік құндылықтарын қалыптастыруға және осы жолдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөліне бағытталған.
Бүгінгі таңда Әдеп кодексін қолдаудың іс жүзінде тиімді тетіктерінің бірі Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы болып табылады.
Мүдделер қақтығысының ықтималдығы немесе әдептік сипаттағы басқа да мәселелер бойынша, мемлекеттік қызметшілер және олармен жанасатын азаматтар дәл оларға консультация алуға жүгіне алады.
Осы орайда, Әдеп жөніндегі уәкілдерге деген сенімнің және ақпараттанудың артуын атап өту қажет.
«Білім» ғылыми зерттеу орталығының ақпараты бойынша мемлекеттік қызметшілердің 74% әдеп жөніндегі уәкілді және оған қандай мәселелер бойынша жүгінуге болатынын біледі, ал мемлекеттік қызметшілердің 69% әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін тиімді деп есептейді.
Мәселен, 2016 жылы әдеп жөніндегі уәкілдерге кеңес алу үшін 445 азамат жүгінген болса, ал 2017 жылы жүгінгендер саны 7 есе өсіп 3461 құрады.
Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде кеңес алу мақсатында 7 мың мемлекеттік қызметшілер және азаматтар жүгінді.
Бұл сандар осы институтқа сенімнің қаншалықты өскенін көрсетеді.
Ұжымда мейірімді микроклиматты қалыптастыру және қажетті кеңестер беруден бөлек, әдеп жөніндегі уәкілдер жедел араласуды талап ететін мәселелерді шешеді.
Әдеп кодексінің талаптарына қарамастан, қоластындағылардың абыройы мен қадір-қасиетін түсіретін сөздерді айтуға жол берген, Ақмола облысының аудандарының біріндегі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы туралы іс өнегелі үлгі болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкілге құқығын қорғау мақсатында жүгінген қызметші, мәселені шешуге жедел кеңес және көмек алды. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қайта қалпына келтірілді.
Әдеп жөніндегі кеңес бірауыздан аудан әкіміне мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын атқарып отырған қызметінен босатуды ұсынды.
Мұндай фактілер әрбір азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің өтініштері заңдылыққа барынша объективті қаралатынын, ал кез келген әдеп стандарттарының бұзылуы тиісті жазаға әкелетінін көрсетеді.
Сондай-ақ, Агенттікте мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқымен соқтығысу кезінде жүгінуге қажет әдеп жөніндегі уәкілдердің деректерін ұсынды.

Этика бойынша уәкілеттілер
http://kyzmet.gov.kz/kk/kategorii/upolnomochennye-po-etike-0

 

Бейне роликтер