Джолдасов Сарсембай Тасбулатович жер мәселесі

   Сізге Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 348 қаулысымен Черкасск ауылдық округіндегі ауданның жер қорының жерінен шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 24,5 га суарылмайтын егістік жер уақытша 49 жылға жалға пайдалануға берілген болатын.

       2008 жылғы 21 ақпандағы нотариаттық куәландырылған өтінішті негізге алып бір жыл иесіз мүлік ретінде тіркеуде тұрғанына байланысты Сарқан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 362 қаулысымен Джолдасов Сарсембай Тасбулатовичке қарасты Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 348 қаулысының күші жойылды шаруа қожалығын жалпы көлемі 24,5 га суарылмайтын егістік жері мемлекеттік меншігіне түсті деп танылды.

       Осыған байланысты, аталған жер учаскесі мемлекеттік меншігінде болғандықтан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі ҚР ЖК)  43-1-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерді шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру, осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

         Сонымен катар, ҚР ЖК 48-бабына сәйкес бос жер учаскелері конкурстық негізде, сондай-ақ ерекше жағдайларда берілетіндігін ескертеміз.

         Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Занының 14 бабының 6 тармағына сәйкес қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер