Хабарлама

Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сарқан ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімі 2019 жылға арналған регламенттік және техникалық жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 16 қаңтар күні сағат 12:00-де облыстық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексерісін жүргізу мақсатында электродабылдары 30 секунтқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салмауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Осыған орай, Сіздерден үрейге салмауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Саркан ауданы ТЖ бөлімі

Ауданымыздағы тұқым шаруашылығын дамыту және тұқым қорын жаңарту

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2018 жылғы   12 маусымдағы № 252  бұйрығына сәйкес «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» биылғы жылы өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету Мемлекеттік корпарациясы арқылы жүзеге асырылады (ЦОН).

«Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                бас маман- тұқым инспекторы Ғ. Батырбекова.

 

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА ! ХАБАРЛАНДЫРУ

Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Алматы облысы  бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен  бірлесе отырып, “Электронды шот-фактуралардың” ақпараттық жүйесінде ЭШФ жазылу мәселесі бойынша  түсіндіру семинар өткізетінін хабарлайды. Семинар “Нұр Отан” партиясы” қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Сарқанд аудандық филиалының ғимаратында  20 қараша 2018 жылдың сағат 15:00  болады.

Семинарға қатсып,түсінбей жүрген сұрақтарыңызға жауап алыңыздар.

 

Сарқан аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру

2015 жылғы 24 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 64–бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №1089 қаулысына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлайды. Өтініш берушінің аккредиттелуі үшін мына құжаттар қажет:

  1. Ережеге 1 – қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. Салыстыру түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және заңды тұлға ретінде бірлестікті мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырған көшірмесі.
  3. Бірлестік мүшелерінің тізімі;

       Құжаттар «Сарқан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ Сарқан қ., Тәуелсіздік к-сі 111 үй, 8 бөлме мекенжайы бойынша хабарландыру сағат 9.00-ден 18.30 – ға дейін 2018 жылдың 09 қарашасынан 16 қарашасына дейін кешіктірілмей қабылданады. Анықтамалар үшін телефон 2-14-35.

Хабарлама

Сарқан қаласы,  Горький көшесі № 53, Мұратбаев көшесі № 7, Жансүгіров көшесі № 54 мекен-жайларында орналасқан жер телімдері Сарқан аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде иесіз мүлік ретінде 1 жылдан астам уақыт тұруына байланысты сотқа жолдайтынымызды хабарлаймыз.

Қала әкімінің аппараты

Бейне роликтер