Хабарлама

Салық төлеушілерің назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті 2019 жылғы 28 ақпанда сағат 10.00-де Алматы қаласында Блокчейн технологиясын пайдалана отырып ҚҚС төлеушілерді пайдаланған кезде ҚҚС қайтарудың жаңа механизмін енгізу туралы семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 28 ақпанда Алматы қаласы Аблайхан даңғылы 93/95 мекен-жайында өткізілетін семинарға барлық салық төлеушіледі шақырады

Сарқан ауданының тұрғындар!

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір тұрғындарын “Бастау” кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту жобасына қатысуға шақырады. Жобаға жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған азаматтар және жаңадан бастаған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) қатыса алады.

Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері туралы, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар маркетингі негіздерінен тұрады. Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмек көрсетіледі.

Оқу мерзімі 1 ай және оқуға қатысушыларға стипендия төленеді.

Оқуға қатысу үшін тесттен өту қажет. Тест кезеңі 11-12 наурыз аралығында өтеді.

Өтініш Кәсіпкерлер палатасының филиалдарына немесе Жұмыспен қамту орталықтарына, жергілікті әкімдікке төлқұжаттың көшірмесі және мекенжай туралы анықтамамен тапсырылады. Толық ақпарат: 8 (72839) 79114

Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға , үй жұмыскерлеріне арналған.

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:

Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқы болады.

Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады.Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Үшінші: Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.

Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БТЖ үлесі мынандай:

-10% – жеке табыс салығы;

-20 % – әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % – Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

– 40 % – міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сарқан ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімі 2019 жылға арналған регламенттік және техникалық жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 16 қаңтар күні сағат 12:00-де облыстық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексерісін жүргізу мақсатында электродабылдары 30 секунтқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салмауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Осыған орай, Сіздерден үрейге салмауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Саркан ауданы ТЖ бөлімі

Ауданымыздағы тұқым шаруашылығын дамыту және тұқым қорын жаңарту

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2018 жылғы   12 маусымдағы № 252  бұйрығына сәйкес «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» биылғы жылы өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету Мемлекеттік корпарациясы арқылы жүзеге асырылады (ЦОН).

«Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                бас маман- тұқым инспекторы Ғ. Батырбекова.

 

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА ! ХАБАРЛАНДЫРУ

Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Алматы облысы  бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен  бірлесе отырып, “Электронды шот-фактуралардың” ақпараттық жүйесінде ЭШФ жазылу мәселесі бойынша  түсіндіру семинар өткізетінін хабарлайды. Семинар “Нұр Отан” партиясы” қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Сарқанд аудандық филиалының ғимаратында  20 қараша 2018 жылдың сағат 15:00  болады.

Семинарға қатсып,түсінбей жүрген сұрақтарыңызға жауап алыңыздар.

 

Сарқан аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.

Бейне роликтер