Хабарлама

Жастар болашақты жырлайды

Салық төлеушілер назарына!

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кызметтерді “Электронды үкімет” www. egov. kz  веб-порталы арқылы  алуға болатындығын хабарлайды

Республиканық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тас жол учаскесін қайта жаңарту

«CITIC Construction Co. компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі», 17-ші мамырдан бастап 14-ші маусымға дейін «Алматы облысы, Сарқанд және Алакөл ауданындағы №2 (437 км), 4 (446 + 491 м), 5 (км 452), 7 (474 ​​+ 470 м), 8 (км 485), 9 (км 590), 15 (км 538), 16 (км 549), 17 (км 490), 10 (495 км) Республиканық маңызы бар Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тас жол учаскесін қайта жаңарту үшін 19 (586 км), 20 (594 км), 21 (604 км), 22 (612 км) 287-1073, I кезең (410-615 км)» жобасы бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар жүргізілетін туралы  хабарлайды.  

Жергілікті атқарушы орган: Алматы облысының Алакөл ауданы әкімдігі, Алматы облысының «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» ММ. 

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзетiн орган- «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. 

Тапсырыс беруші – CITIC Construction Co. компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі. 

Құжаттама әзірлеуші – «Эко – Кокше» фирмасы, «Окапов Р.А.» ЖК, Көкшетау қаласы, Темирбеков көшесі, 49. тел.: 8(7162) 40-21-44. 

Материалдардың электронды нұсқасы мен сауалнаманы eko-kokshe@yandex.ru. алуға болады. 

Ескертулер мен ұсыныстар Көкшетау қаласы, Темирбеков көшесі, 49 мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама тел: 8(7162) 40-21-44, e-mail: eko-kokshe@yandex.ru.

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысу

Қазақстан Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және өмір  сүру  сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  орындау  аясында  ағымдағы  жылдың  мамыр-шілде  аралығында 2018 жылы  «Қазақстанның үздік  әлеуметтік  жобалар» байқауына қатысу  үшін  үздік  әлеуметтік жобалардың іріктеуі  өткізіледі. 

Алғашқы үздік  әлеуметтік  жобалардың  іріктеу туры аудан көлемінде  аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімдері  арқылы  жүзеге асырылады.  

Аудандық кезеңнің жеңімпаздарын  іріктеу  тиісті комиссиямен 1-15 шілде аралығында өткізіледі. 

Облыстық кезеңнің  жеңімпаздарын іріктеу  тиісті  комиссиямен  ағымдағы  жылғы 1-30 шілде аралығында өткізіледі. 

Үздік әлеуметтік  жобаларды  іріктеу  келесі  бағыттар бойынша іске асырылады: 

  1. «Әлеуметтік  проблемаларды  шешудегі  ақпараттық  жылжу»; 
  1. «Әлеуметтік салада  еріктілер   қозғалысын  дамыту»; 
  1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету»; 
  1.  «Мүгедектігі  бар тұлғаларды  қоса алғанда, азаматтарды  жұмыспен қамтуға ықпал жасау»; 
  1. Қиын  өмірлік  жағдайдан (адам  саудасы  құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспанасыздық және  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылуы  және т. б.) шығуға  көмек  көрсету». 

Барлық қатысты  сұрақтар  бойынша аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар    бөлімінен  білуге  болады. 

Хабарландыру

Сарқан аудандық білім бөлімі «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 01.08-31.08 аралығында Ақын Сара атындағы орта мектеп базасында халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарын жүргізетінін хабарлайды. Халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарына 16 жастан жоғары контингенттері қатыса алады. 

Анықтама телефондары: Сарқан аудандық білім бөлімі, Бейтек Жасұлан Абдықадырұлы,

8 (72839) 21251,  87770224247 

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ

2018 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі  өтеді. 

Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі  тікелей эфир арқылы www.bnews.kz  интернет-порталында көрсетіледі.  

Өтетін орны: Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы.   

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы  тікелей жолдай алады. 

Бейне роликтер