Хабарлама

Хабарландыру

Сарқан аудандық білім бөлімі «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 01.08-31.08 аралығында Ақын Сара атындағы орта мектеп базасында халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарын жүргізетінін хабарлайды. Халықты сандық сауаттылыққа оқыту курстарына 16 жастан жоғары контингенттері қатыса алады. 

Анықтама телефондары: Сарқан аудандық білім бөлімі, Бейтек Жасұлан Абдықадырұлы,

8 (72839) 21251,  87770224247 

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ

2018 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі  өтеді. 

Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі  тікелей эфир арқылы www.bnews.kz  интернет-порталында көрсетіледі.  

Өтетін орны: Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы.   

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы  тікелей жолдай алады. 

Құрметті респонденттер!

2018 жылдан бастап жаңа 2-Т (Еңбекақы) статистикалық нысаны енгізілді. Тапсыру мерзімі 2018 жылдың есепті кезеңнің 31 мамырына (қоса алғанда) дейін.

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

25.12.2017 жылғы Салық кодексінің аясында 2018 жылы салық есептілігін табыс ету бойынша

(30.03.2018 жылғы хабарламаға қосымша)

01.04.2018 жылға Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ келесідей

101.01, 101.02, 101.03, 200, 421, 500, 531, 560, 570, 701.01, 710, 860, 870, 871, 017, 018 

салық есебі нысандарының электрондық үлгісіне қол жетімді екенін назарларыңызға мәлімет ретінде жеткіземіз:

Басқа СЕН жаңа үлгілері 15.04.2018 ж. және 01.05.2018 ж. мерзімінен кешікпей қол жетімді болады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру


1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» ММ 2018 жылғы 3 мамыр күні сағат 15.00-де Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі № 111, 22 кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

ЛОТ № 1
«Сарқан қ. – Алмалы а. – Бірлік а.»;

ЛОТ № 2
«М. Төлебаев а.- Сарқан қ.»;

ЛОТ № 3
қалалық маршрут №1;

ЛОТ № 4
қалалық маршрут №2;

ЛОТ № 5
қалалық маршрут №3;

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Сарқан ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі № 8, 7 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2018 жылғы 18 сәуір сағат 18.30.
6. 2018 жылғы 4 сәуірде сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/72839/2-20-06.

Қазақстандықтардың назарына!

Бейне роликтер