Хабарландыру!

Құрметті Черкасск ауылдық округінің тұрғындары! Черкасск ауылдық округі бойынша 18 мамыр күні жергілікті қауымдастық жиыны өтеді. 

Күн тәртібінде: 1. Петропавловка ауылының атауын өзгерту;  

  1. Соколовка ауылының атауын өзгерту;
  2. Садовое ауылының атауын өзгерту.

Келіп қатысуларыңыз сұралады.  

Черкасск  әкімдігі 

 

Түсіндірме жазба 

Петропавловка ауылының атауын Ақтұма деп өзгерту себебі ауыл ішінен ағатын өзен ауыл маңындағы тұмалардан бастау алады. Сол тұмаларды ауыл тұрғындары күнделікті тұмыстық қажеттіліктеріне қолданады. «Тұмалардың суы әрі таза, әрі шипалы. Су тіршілік көзі демекші тұма біздің тіршілігіміздің көзі» деседі ауыл тұрғындары. 

Садовое ауылын Теректі деп қайта атау көпшілікке мәлім Қойлық-Қарғалы бағытындағы жол бойында ағатын өзен Теректі өзені сол ауылдан бастау алып, Лепсі өзеніне құяды. Табиғаты тамаша Садовое ауылына терек ағаштары да өзіндік көркін беріп тұр. 

Соколовка ауылын Ешкіөлмес деп қайта атау ауыл Ешкіөлмес жотасының бөктерінде орналасқан. Аңыздарға сүйенсек, Ешкіөлмес жотасы жергілікті көшпелі қазақ халқының қыстауы болған. Қысты күні жоталар арасы жылы болып, төрт түлік малды бораннан қорғаған деседі. Осындай ескі атауын қайта жаңғырту бүгінгі ұрпақтың еншісінде.  

 

Черкасск ауылдық округі бойынша 18 мамыр 2018 жылы Қарғалы ауылы М. Тынышбаев атындағы орта мектепте жергілікті қауымдастық жиыны өтті. Күн тәртібінде 1. Соколовка ауылының атауын өзгерту; 2. Садовое ауылының атауын өзгерту; 3. Петропавловка ауылының атауын өзгерту.  

Жиынға 21 жергілікті қауымдастық мүшелері және 165 ауыл тұрғындары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерді толыққанды талқылап, төмендегі шешімді мақұлдады. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша төмендегідей шешім қабылданды: 

Соколовка ауылын-Ешкіөлмес, Садовое ауылын-Теректі, Петропавловка ауылын-Ақтұма деп қайта атау туралы ұсыныс қабылдансын. Тиісті құжаттар жинақталып, аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылсын. 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер