RSS | Язык: 

Саркандский район расположен в центральной части Алматинской области.

Административным центром района является город Сарканд, который расположен по трассе Алматы–Усть-Каменогорск на 416 километре (от г.Алматы).

Главная

«Діни ахуалдың негізгі даму үрдістері»

PDF Печать
27.11.2017 00:00

24 қараша күні Қазақстан Республикасының дін істер басқармасының ұйымдастыруымен 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы  аясында оқыту курсы өткізілді.

Оқыту курсына Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарының ауылдық округ әкімдері, учаскелік полицейлері мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне қатысып, көтерген сұрақтарына  толық жауап алды.

Бұл шараның мақсаты аудан тұрғындарының теріс дін ағымдарының құрбаны болудан арашалау, терроризім фактілерінің алдын-алу шараларын мектеп оқушыларына, студенттерге және барша тұрғындарды құлақдар ету.

Подробнее...

 

«Тірек пункті – тыныштық кепілі»

PDF Печать
27.11.2017 00:00

Cенбі күні Алмалы ауылдық округінде полиция тірек пункті ашылды. Шараға ауыл тұрғындары, құқық қорғау саласының ардагерлері қатысты. Салтанатта сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов жаңа ғимараттың ел игілігіне қызмет етеріне сенім білдірсе, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция бөлімі басшысының орынбасары Дәулет Молдаханов облыс көлемінде мұндай тірек пункттерінің көптеп ашылып жатқандығын айтып өтті. Бұдан соң салтанатты ғимарат сапалы қызмет еткей деген тілекпен тірек пунктінің алқызыл лентасы қиылып жиналғандар ішке аяқ басып, аралап көрді. Сондай-ақ аталмыш күні Бақалы және Қойлық ауылдық округтерінде де полиция тірек пунктері ашылып қатарға қосылды. Жалпы өңірімізде осы қатарлы 6 полиция тірек пунктерін қатарға қосу жоспарланған.

Подробнее...

 

«Жергілікті өзін – өзі басқару»

PDF Печать
23.11.2017 00:00

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында жергілікті өзін –өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде облыс көлемінде құрылған жұмысшы топ бүгін Сарқан ауданында болып Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктердің әкімдері мен аппарат қызметкерлеріне өңірлік семинар кеңес өткізді.

Подробнее...

 

«Екіаша ауылында тірек пункті ашылды»

PDF Печать
21.11.2017 07:46

Екіаша ауылында учаскелік полиция қызметкерлерінің тірек пункті салтанатты түрде ашылып қолданысқа берілді. Аудан бойынша бұндай 6 тірек пунктінің құрлысы жүргізілуде, оларды желтоқсан айының  24 дейін аяқтау жоспарланған.

Мұндай тірек пунктерін ашудың мақсаты ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті сақтауын, қылмыстылықтың алдын-алу, мал ұрлығын болдырмау шараларын жасалуын қамтамасыз ету.

Екіаша ауылындағы тірек пунктінің ашылу салтанатынa аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков, Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы генерал - майор Ұрымханов Мұрат Жалелұлы қатысты.

Подробнее...

 

«Маңызды мәселелер сөз болды»

PDF Печать
20.11.2017 09:15

17 қараша күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша басқарма бастығы Б.Тазабеков ауданымыздың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сарқан аудандық прокуратурасының мәжіліс залында өткен басқосудың мақсаты тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін көтеру, өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнамаларды түсіндіру және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін жұмыс жағдайы бойынша  талқылау.

Подробнее...

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 2 из 129