RSS | Язык: 

Саркандский район расположен в центральной части Алматинской области.

Административным центром района является город Сарканд, который расположен по трассе Алматы–Усть-Каменогорск на 416 километре (от г.Алматы).

Главная Новости «Қарты бар - елдің қазынасы бар!»

«Қарты бар - елдің қазынасы бар!»

PDF Печать E-mail
12.10.2017 07:15

Қарттарын ардақтай білген елдің ру­хы үстем, шаңырағы биік. Осы мақсатта бүгін ауданда «Қарттар күні» мерекесі мен «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» акциясымен бірге өткізілді.  Мерекелік шара аудандық ардагерлер ұйымы дайындаған «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты театрландырылған көрініспен басталды. Одан кейін аудан әкімі Е.Қошанбеков ардақты ардагерлерімізді айтулы меркелерімен құттықтап, ауданның қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері, жастарға үлгі болар өнегелі істері үшін алғысын білдірді. Шараға Алматы облысы ардагерлер ұйымы филиалы төрағасының орынбасары Р.Серғазина, осы филиалыдың әжелер алқасының төрайымы Д.Нұрғалиева, бас есепшісі Г.Сартпаева, Талдықорған қаласы ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары А.Ерасылов қатысты. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылып, аудан әкімі атынан барлық қатысушыларға мерекелік сыйлықтар табысталды.