Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

2019 жылғы 08 тамыздағы «Б» корпусының E-4, E-R-4 и E-G-3 санаттары бойынша «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімшесінің бас маманына (индексі №07-04), «Сарқан аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманына (индексі №16-02), және «Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманына (уақытша, негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыста) (индексі №32-04) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуына ұсынылатын үміткерлерді бағалау және қорытынды шешім шығару отырысы өткізілді.

Ұсынылған құжаттарды қарастыра келе және конкурс өткізіліп жатқан бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға  қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін, жүргізілген әңгімелесу бойынша өткізілген дауыс берудің нәтижелері негізінде аудандық бірыңғай конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан ауданының әкімі М.Разбековке:

– «Б» корпусының E-4 санаты бойынша «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімшесінің бас маманы, (индексі №07-04) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Тоқтасын Жадыра Талғатқызын тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.

  1. Сарқан аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Нөкербаевқа:

– «Б» корпусының E-R-4 санаты бойынша «Сарқан аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (индексі №16-02) Болатов Абай Есболатұлын тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.

  1. Сарқан қаласының әкімі А.Орынбековке:

– «Б» корпусының E-G-3 санаты бойынша «Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыста), (индексі №32-04) Болусбаев Даурен Муратбековичті тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер