Әлеуметтік көмек

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесi

      Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi – Ереже) “Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІ Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша, қалалық, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:

1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;

2)баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері), ЖСН-і мен;

3)өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;

6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.

Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.

Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қамқорлыққа алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi қала, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекiтiлген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге бередi.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.

Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер