Мемлекеттік Елтаңба

Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ /киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі/ бейнеленген, оның айналасына күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. ҚР Елтаңбасы екі түстен тұрады, яғни алтын және көгілдір көк түстер. Қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың Елтаңбасы екі белгілі сәулеткер Жандарбек Мәлібековтың және Шота Уәлихановтың шығармашылық ізденістері мен еңбектерінің нәтижесі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба шар нысанын білдіреді. Шар пішіні әлемде ең нақты нысыан болып саналады. Ал дөңгелек осы элементке ең жақын және ол көшпенділерде жоғары бағаланылады. Дөңгелек геральдика элементі ретінде әр кезде қолданыла береді, бірақ ол шығыс көшпенділерінде ерекше жоғары құрметте. Бұл тіршіліктің, мәңгіліктің белгісі.

Шаңырақ киіз үйдің дөңгелегінің ең басты элементі бола біздің Елтаңбамыздың негізгі идеясы болып табылады.

Шаңырақ отбасылық сәттілігінің, мәңгіліктің және бейбітшіліктің, тыныштықтың белгісі. Шеберлікпен, тиімді және көркем бейнеленген тұндық- киіз үйдің көзі  көгілдір ашық аспан төңірегінде ашық күнді білдіреді. Күмбез қабырғасы – уық, ол тіршілік пен жылулықтың қайнар көзі болған күннің сәулесін білдіреді. Авторлар киіз үйдің негізі болып саналатын жиналма торкөз кереге бейнесінің мәселесін шеше алды.

Шаңырақтың үш қабаты, крест тәрізді күлдіреуіші – үш жүздің мықтылығын білдіріп, оның бекемдігін қамтиды. Сонымен авторлар  геральдика тілімен айтқанда, қазақтардың бейбітшілікті сүйетінің көрсетеді. Республикамыздың барлық халықтарын бір шаңырақтың астына, ортақ үйіміз Қазқстанның қуатты құрылымына айналып жетуіне шақырады. Келесі Елтаңбаның негізгі бөлігінің  композициялық құрылымы алтын қанатты, жарты ай сияқты қиял – ғажайып тұлпарлар, оның Мемлекеттік нышанында өзінің көне тарихы бар.

Геральдистер тілінде тұлпарлардың бейнесі терең мағынаны және мазмұнды білдіреді. Тұлпарлар бейнесінде жолбарыстың айбарлығы, сұңқардың қырандығы, өгіздің күші мен қуаты,жүйріктігі, жылдамдығы, түлкінің жауға алдырмай күрескендегі айлалығы, тапқырлығы.

Тұлпардың алтын қанаттары дәннің / бидайдің / алтын масақтарын білдіреді, яғни ол еңбектің, молшылықтың және материалдық тұрақтылықтың белгісі.

Біздің Елтаңбаның түстік гаммасы – алтын және көгілдір. Біріншісі біздің халықтың ашық,жарқын болашағына сай келеді. Көгілдір ашық аспан барлық әлем халықтарына ортақ.

Елтаңбаның түсі жер шарының барша халықтарымен бірге, бейбітшілікке, ынтымаққа, достыққа және бірлікке талпынуымызды кейіптейді.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер