Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – тік бұрышты көгілдір түсті мата, ортасында 32 сәулесімен шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған. Күн, сәуле, қыран, және алтын түстес өрнек бейнесі. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Көгілдір Тудың сол жағындағы алтын түстес ұлттық өрнек, алтын күн және ортада тұрған қыран құстың бейнесі бүгінгі таңда  республикамыздың әкімшілік ғимараттарын көркем етеді, шетел мемлекеттеріндегі  егемен Қазақстанның елшілік ғимараттарының үстінде желкілдеп тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі жанында да орналасқан. Ту – біздің республикамызды еркін, тәуелсіз және егеменді екенін білдіреді Біздің жаңа рәмізіміз Шәкен Ниязбековтың  шығармашылық ізденісі мен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік Тудың ең басты элементі – оның Түсі. Ашық көк Түсті. адамзат ерте заманнан қолданып, барлық түстердің ішінен ең жарқын, жақын, тартымды түс деп санаған. Ол кездейсоқтық емес. Бұл түс табиғатта ерекше орын алады. Бұл кемпірқосақтың жеті қасиетті түсінң бірі болып табылады. Аспан мен көктің түсі. Мемлекеттің рәмізі ретінде көгілдір ту көтерген елдің саясатына үлкен сеніммен және түсінушілікпен қарау керек. Сонымен біздің туымыздың таза көгілдір түсі халықтың мәдени – этникалық бірлікте екендігін және Мемлекеттің бөлінбейтін біртұтас идеясын білдіреді.

Күн – тіршілік пен күш – қуаттың қайнар көзі. Сондықтан күннің бейнесі – тіршілктің нышаны. Адам мәнгілік емес. Адамның өмірге келуі және дүниеден көшуі уақытпен өлшенеді. Ал уақыт көшпенділер үшін күннің айналуымен анықталады. Күннің батуы  және шығуы, бір өлшемі бұл – күн. Геральд заңы бойынша күннің бейнесі – байлық пен молшылықтың  белгісі. Сондықтан біздің Туымыздағы күн сәулесін мұқият қарағанда бидай тәрізін байқауға болады – бұл әрине тыныштық пен молшылықтың белгісі.

Көшпенділер түсінігінде дала қыран құсы  немесе бүркіт ерекше орын алады. Қазақстанды мекендеген этникалық топтар мен халықтарының Туы мен Елтаңбадағы бейненің көне салты бар.Нышан тілінде қыран құстың бейнесі мемлекеттік қожалықты, кеңдікті және қырандықты білдіреді. Көшпенділер үшін бұл еркіндікке, тәуелсіздікке жету, мақсатқа ұмтылу, шыңға көтерілу, болашаққа самғау. Сонымен күш- қуатты қыранның болашағына, оның жетістіктеріне кедергі жасағандарға ол әр уақытта лайықты тойтарыс бере алады. Қыран құстың бейнесі жас егемен Қазақстанның әлемдік өркениет шыңына жету идеясынан пайда болды.

Тудың тағы бір қайталанбас  элементі – Ту сабының тұсына тік жолақ етіп нақышталған ұлттық өрнек. Ол бейне «қошқар – мүйізі» Туға деген құрмет – бұл оның халқына,  тарихына, еліне сый – сияпат көрсету.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер