2019 жылы онлайн-БКМ қолдануға толық көшу жүзеге асырылады

2019 жылы онлайн-БКМ қолдануға толық көшу жүзеге асырылады 02.04.2019 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап деректерді онлайн бере отырып, бақылау-касса машиналарын қолдануға кезең-кезеңмен толық көшу жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі-Бұйрық) күшіне енді. Бұл бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсандық қызмет түрлерін кеңейтуді қарастырады, оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер онлайн-бақылау-кассалық машиналарды (бұдан әрі – онлайн-БКМ) қолданады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады: 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 қызмет түрі.

Осылайша, ҚР ҚМ МКК 2019 жыл ішінде онлайн-БКМ қолдануға толық көшу жүзеге асырылатын болады. Онлайн-БКМ қолдану бойынша талаптар өз қызметін жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ аумақтарда жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды, бұл жағдайда, қызметкердің екі лауазымды да өзінің негізгі жұмыс уақытында орындайтынын ескерсек, онда бұл жұмыс қосымша емес, қызметтерді қоса атқару болып есептеледі. БКМ-ды қолдану тәртібі реттеледі. Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізілетініне назар аударамыз.

 

                                                                          Есеп,талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер