Қаржылық бақылау шараларын бұзу

  1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

                                                  Есеп,талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер