Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлденіұтып ал!» жылсайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынғасалады.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны AppleAppstore және GooglePlaymarket-тентегін жүктеуге болады.

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жеделсыйлықтардың жүлдеқоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі – автокөлік ұтыс ойынына қатысады.

Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездей соқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтыпалу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

                                                 Сарқан ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

жетекші маманы

Р. Ботпаев

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер