Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселесі бойынша

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласын бұдан әрі дамыту бойынша кеңес өткенін, оның барысында Нұр-Сұлтан қаласында қолма-қол ақшасыз төлемдердің төмен деңгейінің проблемалары аталып өткенін хабарлайды, осы проблема астана тұрғындары мен қонақтарына ғана ыңғайсыздық тудырмай, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың өсуіне әкеп соқтырады.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне сәйкес  барлық ақшалай есеп айырысулар Қазақстан Республикасының аумағында онлайн БКМ қолданумен (желі жоқ орындарда қызметті жүзеге асыруды қоспағанда) жүргізілуге міндетті болады.

ҚР Салық кодексіне сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ-ді, оның ішінде онлайн БКМ-ді қолдану бойынша міндеттеме патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығының төлеушілеріне қолданылатынын атап өту қажет.

Тауарларды сатып алған кезде чектерді талап етуге халықты ынталандыру мақсатында Комитет жыл сайын «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» атты жалпы республикалық акциясын өткізеді, оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқарту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру болып табылады.

2019 жылы қатысушы чекті жөнелткен кезде әрбір жөнелтілген чек үшін 5000 теңгеге дейін ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар акциясы іске қосылды. Акция 2019 жылғы 21 тамыздан басталып 30 қарашаға дейін созылады, акцияның қорытындысы бойынша бас жүлде – автокөлік ойнатылады.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында және ҚР ҚМ МКК төрағасының 2019 жылғы 24 маусымдағы №289 бұйрығының негізінде бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» (бұдан әрі – Азаматтық бақылау) пилоттық жобасы жүргізіледі. Пилотты жүргізу кезеңі 2019 жылғы 12 тамыздан 2019 жылғы 30 қарашаға дейін.

2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап аталған пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады, яғни чекті (мобильді телефонның теңгерімін толықтыру) бермеу фактісі туралы хабарлаған түлғаға сыйақы төлеу барлық Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер