Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер

Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

  1. Бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
  2. Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

  1. Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі

  1. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.
  2. Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
  3. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша оның жеке табыс салығы бірыңғай жиынтық төлем сомасының 10 пайызын құрайды.
  4. Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті

  1. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;

2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады;

3) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады;

4) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.

 

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер