Бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ескерту

Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер патент негізінде арнайы салық режимін келесі қызмет түрлері бойынша қолдана алатындығын хабарлайды:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу және шынылау жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды; сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотография саласындағы қызметті; аударма (ауызша және жазбаша) ісін; мүліктік жалдауға (жалға) беруді; көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды жалдауға және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді жалдауға беруді; басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жалдауға беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; қосалқы білім беру қызметтерін; өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді; ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді; тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді; үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.
Бұл ретте, жоғарыда

 almobl_dgd

көрсетілген тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін салық төлеушілер өзі тіркеуде тұрған мемлекеттік кірістер басқармасына, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер жоғарыда көрсетілген тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жоятынын ескертеміз.
Интернеттегі бақылау-касса машиналарының үлгілеріне қосымша ретінде, салық төлеушілер бақылау-кассалық машиналардың веб-нұсқаларының қызметіне негізделген онлайн-кассалық машиналарды пайдалана алады. Мысалы, Интернет-кассалардың веб-нұсқасына арналған мобильді қосымшалар бар: NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. ВЕБКАСА. reKASSA.

 

                                                        Сарқан ауданы бойынша МКБ                                                         

                                                        салық төлеушілермен жұмыс бөлімі

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер