Бюджеттің төртінші деңгейі туралы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда заңды түрде бюджеттің 4 деңгейі енгізілді-бұл аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2000 адамнан астам халық саны бар. Бұрын бюджеттің 3 деңгейі – республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) болды.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентін дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бюджеттің жаңа деңгейі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен толықтырылады:

– төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы,

– жеке тұлғалардың мүлік салығы,

– жеке және заңды тұлғалардан көлік салығы,

– елді мекендер жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы,

– аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы,

– коммуналдық меншіктің мемлекеттік мүлкін жалға беруден,

– жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары,

– “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар, – коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер, сондай-ақ аудандық бюджеттен түсетін трансферттер.

Бюджет жергілікті қоғамдастық жиналыстарында талқыланғаннан кейін аудан мәслихатымен бекітіледі, ал бюджеттің орындалуы ауыл әкімінің аппаратына жүктелген.            Осылайша, халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және т. б. бойынша қажеттіліктерін ескере отырып, бюджетті жоспарлауға мүмкіндік беретін тетіктер көзделген.

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер