КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫ

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушелерден назарына САЛЫҚТЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

 

493-бап. Салықты есептеу тәртiбi

Салық төлеушi осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.

Есепті салықтық кезең үшін жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.

 

494-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі

 

  1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi.
  2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
  3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

 

Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

 

САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІК

 

495-бап 1 қаңтардан бастап мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер