Назар аударыңыз! Сарқан ауданының тұрғындарын “Қоғамдық бақылау” жобасына қатысуға шақырамыз!

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы фискалдық түбіртектерді бермеу фактілерін анықтау бойынша республикалық «Қоғамдық бақылау» пилоттық жобасы жүргізіліп жатқанын еске салады.

Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 6984  өтініш келіп түскенің хабарлайды.

2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді.

Оның ішінде Алматы облысы 55 факті расталды.

Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.

Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.

Сондықтан, сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.

Айта кетейік,видеоны App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өзіңіздің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), ЖСН мен байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер фискалдық чек бермеген тұлғаны бұзушылық фактісі расталған және жауапкершілікке тартылған жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет.

Фискалдық түбіртектерді//http.consumer.oofd.kz сайтынан тексеруге болады:

Сонымен бірге, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискальды құжат туралы ақпаратты 72 сағат ішінде жіберуге болатындығын хабарлаймыз. Сондықтан, фискалдық деректер операторының базасында берілген фискалдық чек анықталмаған жағдайда 3 күнге дейін күту керек, содан кейін оны қайта тексеру қажет. Егер 72 сағаттан кейін ақпарат болмаса, онда сіз мемлекеттік кірістер органдарымен байланыса аласыз.

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын БКМ түбіртектерін  бермеу арқылы өз кірістерін жасырып жүрген салық төлеушілерге қатысты өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге және пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырамыз.

Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер