Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет  Акциясы

2020 жылғы 12-мамырдан Бақылау Кассалық Машинанының фискалдық чектер бермеу фактілерін анықтау мақсатында, «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» Акциясы жалғасқаны туралы хабарлаймыз. Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет! науқанына кез-келген адам қатыса алады. Барлық бағытталған өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.Сіз фискалдық чек берілмегендігі туралы фактілерді App Store және Play маркеттен «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлай аласыз және фискалдық чек берілмегендігі туралы расталған жағдайда телефонның балансына (1000 теңге) көлемінде сыйақы аласыз.

Барлық аудан тұрғындарын заңның бұзылуына төзімділік танытпауға, «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер