Құрметті салық төлеушілер (салық агенттері)!

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» (320.00нысаны) тапсырылмайды

 

 

2019 жылғы сәуір айында «Кеден одағы шеңберінде тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру жөніндегі Жол картасы енгізілетін болады.

 

Жол картасы шеңберінде 320.00 «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» нысанын тапсыру жойылды, сондай-ақ мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

 

■ тек электронды нысанда табыс етілген 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш» нысанынан салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салықтарды (ҚҚС, акциздер) автоматты түрде тарату;

 

■ 328.00 нысанына валюта бағамдарының, акциз бойынша БКК анықтамалығын қосу;

 

■ тек электронды нысанда табыс етілген 328.00 нысанын автоматты түрде растау не растаудан уәждемелі бас тарту.

 

Бұл ретте, 328.00 нысанын 2019 жылдың наурыз айын қоса алғандағы салық кезеңі үшін ұсынған жағдайда, 320.00 және 328.00 нысандарын ұсынудың бұрынғы тәртібі сақталады.

 

Қызмет көрсету бойынша туындаған мәселелер бойынша Салық төлеушінің кабинетінде/СЕӨЖ СТ Сіз СТК/СЕӨЖ Пайдаланушыларды қолдау қызметінің sonosd@mgd.kz электрондық поштасына жүгіне аласыз.

 

Бас маман

Р. Касымханов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер