Құрметті салық төлеушілер!

Қазіргі заманда республикамыздың барлық тұрғындары сияқты біздің ауданның азаматтары да еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына бағытталған шараларды абыройлы түрде орындау жолында белсенділікпен еңбек етуде, барлық күш-жігерін, білімін, іскерлігін, ынта-ықыласын игі іске арнауда. Ауданымыздың келешегі зор, әрі жарқын болары анық. Сол себепті де аудан жұртшылығы қол құсырып қарап отырмай, болашағымыздың бүгінгі күннен де жайнап, нұрлана түсуі жолында аянбастан қызмет атқаруда. Олар жаңа ғасырда, жаңа мыңжылдықта табысымыздың берік негізін қалауда бірлесе еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жете беруді зор мәртебе санайды. Республика және облыс бойынша біздің ауданның әрбір еңбек ететін адамы өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ортақ табысқа үлес қосу барысында алдыңғылар қатарынан көріну мүмкіндігі бар екенін сезінеді.

Алдыда қанша қиындықтар кезіксе де ауданымыздың салық саласындағы қызметі үстіміздегі жылдың өткен 9 айында белгіленген жоспарларды абыройлы түрде орындауды қамтамасыз ете білді.  Аудан бюджеті 103,0 пайызға орындалды. Бұл бюджетке түсірілуге жоспарланған 890733,0 мың теңгенің орнына 916352,0  мың теңгенің көлемінде кіріс келді деген сөз.

Мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері жауапкершіліктің жүгін көтеруде зор белсенділік, біліктілік байқата отырып, белгіленген мақсатқа қол жеткізу жолында барлық күш-жігерін жұмсап келеді. Алайда бізді алаңдатып отырған мәселелер баршылық. Мәселен, үстіміздегі жылдың қырықкүйек  айының 26-на салық төлеушілердің бюджет алдындағы жинақталып қалған 37275,8 мың тенге берешек сомасы болып отыр. Берешек салық төлеушілердің өзінің салық міндеттемелеріне салғырттықпен қарауынан пайда болады. Оның ішінде кәсіпорын есепшілерінің салық есептілігін толтыруда қателіктер жіберуі, оларды тез арада түзетуге шаралар қолданбауының салдары да бар. Салық міндеттемесін өз уақытында және толық орындалмауы салық төлеушінің әкімшілік жазаға тартылуына әкеп соғады. Яғни, салық берешегін уақытысында төлемегені үшін Салық кодексінің 121-128 баптарында көзделген қарызды өндіруге бағытталған әдістер мен шаралардан  басқа салық төлеуші Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 288 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады. Ал бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары мен сақтандыру қорларына төленетін әлеуметтік аударымдар туралы да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды уақытысында төлемеу салық төлеушінің аталған кодекстің 91,92 баптарына сәйкес жауапқа тартылатынын тағы да ескертеміз.

Салықтың, зейнетақы жарналарының сонымен бірге әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленбеуіне кейбір басшылар тікелей кінәлі екенін әлі күнге дейін түсінбейді. Олардың төлемдерді заңмен бекітілген уақытында төлемеуі салдарынан пайда болған берешек сомасын азайтуға селқостыққа салынып, заң талабын бұрмалап отырғандығын естеріне сала кетеміз.

Құрметті салық төлеушілер, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы, яғни еңбек ететіндердің еңбекақы, зейнеткерлердің зейнетақы сонымен қатар басқа да қоғам мүшелерінің түрлі жәрдемақы алуы осы салық жинау ісінің өз деңгейінде жүргізілуіне тікелей байланысты екенін естен шығармайық.

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

 Есепке алу,талдау , құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің  

бас маманы Г.Аязбаева

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер