Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 155 бабы негізінде салық органының лауазымды тұлғалары салықтық тексеру жүргізу кезінде мәліметтерді талап етуге және алуға құқылы екендігін хабарлайды.:

– Екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тексерілетін тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысына (айналысына) қатысты, оның ішінде банк құпиясын құрайтын, тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер;

– есеп құжаттамасын қағаз және электрондық тасығыштарда, сондай-ақ тексеру мәніне сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді талап ету;

– салық төлеушіден, оның ішінде оның қызметкерлерінен салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсініктемелер талап етуге және алуға;;

– салықтық тексеру жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге органдарына (ұйымдарына) сұрау салу жіберу;

– салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есеп құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыруға арналған пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін қарауға қол жеткізуді талап етуге;;

-орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеру, тексерілетін тұлғаның мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізу;

– осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау құқығы;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.

Салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары мынадай міндеттерді орындауға міндетті.

– тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;);

– салықтық тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тұлғаның мазмұнын олардың келісімінсіз жария етпеу;

– қызметтік этиканы сақтау;

– тексерілетін тұлғаға салықтық тексеру жүргізу кезінде оның құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;;

– салық органының лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру;

– салық тексеруін жүргізу кезеңінде салық төлеушінің (тексерілетін тұлғаның) белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;;

– тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша тексеру жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпарат беруге;;

– салық тексеруін жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне нұсқамалар мен өзінің қызметтік куәліктерін көрсетуге, осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

                                                                          Есеп,талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер