Салық төлешінің назарына

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енеді.
Өзгерістер неде? Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі), оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады.
Сарқан ауданы аумағында 3396 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде патент негізінде 1190 салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданады, бұл жалпы санның 35-% құрайды. 1190 патенщиктен 971 ЖК (81,5-%) сауда саласында қызмет атқарады.
Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер