Салық төлеушілер назарына

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, “Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы       № 206 бұйрығына, 2018 жылдың 16 тамызындағы №758 бұйрығымен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылған:

 Р/с                                       Қызмет түрлері
11.Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
12.Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
13.Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
14.Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
15.Сусындарды көтерме саудада сату
16.Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
17.Тоқыма бұйымдарын сату
18.Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
19.Киімдерді сату
20.Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
21.Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
22.Ломбард қызметі
23.Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
24.Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
25.Жарнама агенттіктерінің қызметі
26.Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
27.Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

Осы қосымшалар 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолдана алатынын ескертеміз.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер