Салық төлеушілер назарына!!!

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін Салық кодексінің 685 бабының 1 тармағының  3 тармақшасында көрсетілген іс-әрекет түрлеріне ғана қолдана алады.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:

оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.

Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.

Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды.

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер