Сарқан ауданы бойынша МКБ салық заңнамасының өзгерістері бойынша

«Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» тақырыбында семинар өткізді
2019 жылдың 14 қарашасында Сарқан ауданы әкімшілігінің  ғимаратында салық төлеушілерге арналған «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Сарқан ауданының салық төлеушілері мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Сарқан ауданы бойынша МКБ басшысы Т.Т. Ақбаев кіріспе сөзді бастап, семинар тақырыбын айтып, патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн БКМ қолдану мәселелерінің өзектілігін атап өтті. «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» қолдану тақырыбында салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Э.М. Стамбекова баяндады. Сонымен қатар жиында шаруа қожалықтарына қатысты салық кодексінде өзгерістер бойынша (Такеев Р.К.) баяндама оқыды. Негізігі өзгерістер – патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн БКМ қолдану. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енеді.
Өзгерістер неде? Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі), оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады.
Сарқан ауданы аумағында 3396 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде патент негізінде 1190 салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданады, бұл жалпы санның 35-% құрайды. 1190 патенщиктен 971 ЖК (81,5-%) сауда саласында қызмет атқарады.
Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер