Сарқан ауданы бойынща мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналар:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі);

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ЗРК Заңықолданысқа енді.

Мерзімінде орындалмағансалық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

2018 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарсалықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті(Салық кодексінің 24-бабы 15) бірінші тармақшасының төртінші бөлігінің абзацы, енгізу туралы Заңның 1-бабының 1) тармақшасы).

13 және 14-тарауларымен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары көзделген.

Тәуекелдермен басқару жүйесін қолданумен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары көзделген Салық кодексінің 13 және 14 – тарауларының кейбір қағидалары, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан кұшіне енгізілетінің атап өткен жөн.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытында орындалмаған салықтық міндеттемесі тәсілдерін қолдану тәртібі және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Сонымен қатар, өзгерістер келесіні қозғады.

Салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаға шағым жасау фактілерінің және салық төлеушілердің жүгіну мерзімінде оның әрекетін тоқтата тұру туралы талаптары көбеюіне орай, салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатылмайтыны жөнінде Салық кодексімен ереже көзделген.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрған жағдайда салық төлеушіге салықтарды және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, әлеуметтік төлемдерден басқа, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі берілген.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауы Салық кодексімен анықталған.

Салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған кезде салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешiм тек хабарламада есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған жағдайда ғана  шығарылады.

Салық төлеушіде (салық агентінде) меншік құқығында оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік не мемлекеттік тіркеуге жатқан мүлік болған кезде тізімдеме, бірінші кезекте, осындай мүлікке жүргізіледі.

120-баптың 10-тармағы

Салық берешегінің сомасына немесе шағым жасалатын салық және бюджетке төлемдер сомасына қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдарда тіркелген барлық мүлікке құқықтарына шектеу салу жөніндегі салық төлеушілердің көптеген шағымдарына байланысты жаңа Салық кодексында мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік уәкілетті органдарға мүлікке билік ету шектеуінің күшін жою үшін хабарлама жолдайтын басқа да (мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің күшін жоюдан басқа ) жағдайлары қарастырылған.

Осылайша, осындай хабарлама тізімінің актісінде көрсетілмеген, яғни нақты шектелген болып табылмайтын мүлікке құқықтарды тоқтату үшін мүлік тізімдеме актісі жасалғаннан кейін жолданады.

Бұдан басқа,  билік ету шектелген мүлікті уәкілетті заңды тұлғамен өткізген өткізу салық берешегін өтеуге және, сәйкесінше, мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің күшін жоюға келтірмеген жағдайда жоғарыда көрсетілген хабарлама жолданады.

Назар аударамыз, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудың кезектігінде бұзушылық болдырмау мақсатында, салық төлеушi салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай хабарлама жiберген мемлекеттік кірістер органына, дебиторлармен бірге құрастырған және дебиторлық берешек сомасын растайтын, өзара есеп айырысу актісін беретін, осының негізінде мемлекеттік кірістер органы, осындай өкімдерді сол салық төлеуші-борышкердің банк шоттарына шығармай тұрып, дебиторлардың банк шоттарына инкассалық өкімдер шығаратын Салық кодексінде ереже алынып тасталынған. Осылайша, салық төлеушi дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн ұсынуға мiндеттi.

Сонымен қатар, салық органы салық төлеушінің дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға құқылы.

Бұл ретте салық төлеушiмен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде міндетті мәлiметтер қысқартылған).

Сонымен бірге, дебитордың бірнеше банкте ашылған банктік шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан асатын мөлшерде есептен шығарған жағдайда, артық есептен шығарылған соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.

Дара кәсіпкер, жеке тәжірибемен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаның (бұдан әрі – жеке тұлға) берешегін өндіріп алу тәртібі түбегейлі өзгертілгеніне назар аударамыз.

128-бап.Салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның (бұдан әрі – жеке тұлға) салықтық берешегін өндіріп алу тәртібі түбегейлі өзгерілді.

Айтарлық,  жеке тұлға 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешекті жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістеріне сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өндіріп алу тәртібі өзгертілетінін қосымша хабарлаймыз.

Осыған орай, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдар жағынан өндіріп алу шаралар жоғары және орта тәуекелдің дәрежесі санаттарына жатқызылған төлеушілерге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұдан басқа, берешекті өндіріп алу тәртібі өзгертілген оған сәйкес жоғарыда көрсетілген төлеушілерге берешек сомасы бойынша хабарлама жолдау және кейіннен олардың банк шоттар бойынша шығыс операциялар тоқтату, ал берешек өтемеген жағдайда – жұмыскерлердің тізімсіз инкассалық өкімдерді қою қарастырылып отыр .

 

                                                                         Есеп,талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер