Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі келесілерді қамтиды:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

6) қаржылық бақылауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;

9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

Жоғарыда аталған шаралардың ішінен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг маңызды орынға ие болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.

 

 

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер