Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік мәселе

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол — әлеуметтiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол — сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанның бүгiнгi күнгi күрделi мәселесi болып отыр. Үлкен әлеуметтiк қасiрет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бiр-бiрiне ұқсамайтын әлемдегi барлық елдердiң қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық билiктi және оның мүмкiншiлiктерiн қолдана отырып, барлық қоғам мүддесi үшiн емес, жеке тұлғалар немесе адамдар тобының мүддесiнде қолданылады деп күтiлуде.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесiн баяулататын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiн құбылыс.

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесiне аса назар аударып, «2050-Стартегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайтуға бағытталған бiрнеше бастапқы мәселелер алға тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiк стратегиясының жүзеге асырылуы мемлекеттiң әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылығын қатайтып, жеке азаматтардың немесе қоғам құқығының, бостандығының, заң мүдделерiнiң қорғалуы жүзеге асырылады.

Бiздiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, осы дерттiң одан әрi ушықпауы үшiн, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиiмдi түрде қарсы тұруға болады.

 

                                                                             Сарқан ауданы бойынша МКБ

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер