Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі

МАЗМҰНЫ 1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес әзірленді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды (бұдан әрі – СЭҚ-қа қатысушы) ең аз тәуекел санатына жатқызудың тәртібін белгілейді. Қараңыз.K100296 2. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылар тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген СЭҚ-қа қатысушы деп жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар немесе оған жеңілдетілген кедендік рәсімдер қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға түсіндіріледі. 3. Ең аз тәуекел санатына жатқызу үшін СЭҚ-қа қатысушы кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) еркін нысанда құрылған жазбаша өтінішпен жүгінеді. Өтініште мынадай мәліметтер болуы қажет: 1) СЭҚ-қа қатысушының, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары көрсетіле отырып атауы, мекен-жайы (заңды және іс-жүзіндегі), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН). Егер СЭҚ-қа қатысушының негізделген құрылымдық бөлімшелері болса, онда жоғарыда аталған мәліметтерге қосымша негізделген құрылымдық бөлімшелерге қатысты осындай мәліметтер көрсетіледі. Егер СЭҚ-қа қатысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болса – оның тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын мекен-жайы, СТТН-ы және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіледі; 2) СЭҚ-қа қатысушы сыртқы экономикалық қызметті жүзе асырған жыл; 3) соңғы екі жылғы сыртқы сауда шарттарының саны. 4. Мәлімдемеге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс: СЭҚ-ты есеп карточкасының көшірмесі; толтырылған Анкета (Анкета осы Ереженің қосымшасындағы мәліметтерге сәйкес толтырылады). 5. СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн тiркеген сәттен бастап үш күн ішінде уәкілетті орган оның тiркелген және кедендiк ресiмдеу жүргізген орыны бойынша облыстар (республикалық, астана мәнiндегi қалалар) бойынша аумақтық бөлiмшелер мен кедендерден (бұдан әрi – кеден органы) СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгі туралы растауға cұpay салады. СЭҚ-қа қатысушыны тiркеу орны бойынша кеден органы уәкiлеттi органның сұрау салуы келiп түскеннен кейін бiр апта мерзiмiнде тексерістiң түрін айқындайды және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Жыл ішінде кеден органының посткедендiк бақылау бөлімшелерi қаржылық қызметiн тексерген СЭҚ-қа қатысушылар тексерiске жатпайды. СЭҚ-қа қатысушыны тiркеген және кедендiк ресiмдеу жүргiзген орыны бойынша кеден органы белгiленген мерзiмде СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы растауды уәкiлеттi органға ұсынады. Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 231 бұйрығымен. 6. СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн қарау мерзiмi 60 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 231 бұйрығымен. 7. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оның Тізілімге қосу үшін, тиісінше осы Ережемен белгіленген СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызудың өлшемдері негіз болып табылады. 8. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оны Тізілімге қосу бойынша бас тарту үшін, ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдеріне сәйкес еместігі не мәлімделген мәліметтердің толық еместігі негіз болып табылады. 9. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оны Тізілімге қосу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді, екі апталық мерзімде уәкілетті орган СЭҚ-қа қатысушыға және кеден органына жібереді. 10. Уәкілетті орган Тізілімді жүргізеді және тоқсан сайын оны барлық кеден органдарына жібереді. Тізілім уәкілетті органның ресми сайтында орналастыруға жатады. 11. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдері: жыл ішінде мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды уақытылы және толық төлеу; СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209, 213, 214, 250, 251, 259, Қазақстан Республикасының “Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы” Кодексiнiң 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары бойынша кiнәсiнiң, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшiн белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (үштен астам) құық бұзышылықтардың жоқтығы; СЭҚ-қа қатысушының екі жылдан артық сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы; соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде жиырма жеткiзiлiмнен кем емес, ал отандық тауар өндiрушiлер үшiн – бiр жылдың iшiнде он жеткiзiлiмнен кем емес немесе соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде екi жүз елу мыңға тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштер сомасына тауарларды өткiзу табылады; бұл ретте ең аз тәуекел санатына жатқызуға арналған өтiнiш берген СЭҚ-қа қатысушы тауарларды алушы және келiсiм-шартты ұстаушы болатын тауарларды жеткізу ескеріледі. Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді – ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 231 бұйрығымен. 12. СЭҚ-қа қатысушыны Тізілімнен шығару туралы шешім кеден органының мынадай жағдайларда: 1) СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 209, 213, 214, 250, 251, 259, Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылық” кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары бойынша кiнәсiн, сондай-ақ СЭҚ-қа қатысушы кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (екiден астам) құқық бұзушылықтар жасағандығын тану туралы соттың немесе кеден органының шешiмi болған кезде; 2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектері болғанда; 3) Тізілімге қосылған СЭҚ-қа қатысушының қызметін тоқтата тұру және қайта ұйымдастыру туралы кеден органын хабардар ету негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді. Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді – ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 231 бұйрығымен. 13. Кеден органы жоғарыда аталған жолсыздықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді. 14. Тізілімнен шығарылған сәттен бастап уәкілетті орган үш жұмыс күнінің ішінде СЭҚ-қа қатысушыны оның Тізілімнен шығарылғандығы туралы хабардар етеді.

                                                   Есептеу,талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер