Тауарларға ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеу

Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін хабарлайды:

Салық органдары:

1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей туындайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.

          Осыған қоса Қаржы министрінің 13.04.2020 жылғы №379 бекітілген бұйрығымен тауарларға ілеспе жүк құжаттары рәсімделетін тізіміне сәйкес міндеттеме 2020 жылдың 1 шілде айынан басталатындығын хабарлаймыз.

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

жетекші маманы

Р. Ботпаев

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер