Тауарлармен электрондық сауда

Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»

Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Осы уақытта, Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның (бұдан әрі – Хабарлама) функционалы БСАЖ АЖ және «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) іске асырылған.

 

 

Сарқан ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

жетекші маманы

Р. Ботпаев

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер